Қазақстан Министрлер кабинеті 2025 жылы $25 млрд тікелей инвестиция тарту жоспарлануда, – деп хабарлайды Аikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл шамамен $25 млрд тікелей шетелдік инвестиция тарту жоспарланып отырғанын сөз етті.
Серік Жұманғариннің айтуынша, бұл үшін белсенді тәсіл қолданылады.
«Бизнес қажеттіліктеріне бағдарланған өңірлік инвестициялық бағдарламалар қалыптастырылды. Олар шетелде инвесторларды нысанаға алу үшін негіз болады. Fast Track немесе «жасыл дәліз» жүйесі бойынша экономиканың басым салаларында 134 инвестор мемлекеттік қызметтерді жедел алудан өтті», – деп атап өтті вице-премьер.