Премьер-Министр Олжас Бектенов бұл туралы Үкімет отырысында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Үкімет мүшелеріне айтатыным, Абай облысын қолдау керек. Жаңадан құрылған облыс. Республикалық бюджеттен жіберілетін қаражаттың көлемі жеткіліксіз. Оның бәрін ескеріп, көбейту керек. Қолдау көрсету керек», – деді Үкімет басшысы.