Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің жетекші маманы, профессор Стивен Поуис алдағы 50 жылда қатерлі ісіктен емделіп, аман қалу көрсеткіші төрт есе артуы мүмкін екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Telegraph басылымы жазды.
Профессор Поуистің айтуынша, онкологияны емдеуде айтарлықтай ілгерілеуге бірнеше фактор ықпал етеді: өкпе обырына қарсы жаңа вакциналар клиникалық сынақтарда тиімділігін көрсеткен және ісіктерді жеке ерекшеліктеріне қарай емдеуге мүмкіндік беретін генетикалық тестілер әзірленген.
Қазіргі таңда емдеу әдістері соншалықты жылдам дамып жатыр, енді қатерлі ісік диагнозы өмірмен қоштасу үкімі болудан қалып келеді. Иммунотерапия, дәрілік терапия және ерте диагностика саласындағы соңғы жетістіктер қазірдің өзінде пациенттердің өмірін ұзартып, оның сапасын сақтауға мүмкіндік беруде, – деді профессор Стивен Поуис.
Ғалымдар бұл үдерістің өкпе және сүт безі қатерлі ісігі сияқты кең таралған онкологиялық ауруларды емдеуде ерекше маңызға ие болатынын атап өтті. Вакциналар мен генетикалық тестілеу технологиялары онкологияны тиімді және жекелей емдеуге жол ашпақ.