Оның 5 миллионнан астам оқырманы бар.
"Жеке брендіне жұмсады": блогердің Үкіметтен 48 миллион теңгеге субсидия алып, өзін жарнамалағаны рас па?
878
оқылды

Блогер NNN Нұрдәулет Бектұрсын 8 жыл бұрын Үкіметтен мал бордақылауға 48 миллион теңге көлемінде субсидия алған. Әзірге ресми тергеу не тексеріс жүргізіліп жатқаны жөнінде де хабар жоқ, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. Бұл мәліметті журналист Гүлмира Абықай Facebook парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Instagram желісінде 5 миллионнан астам оқырманы бар танымал блогер NNN Нұрдәулет Бектұрсын 8 жыл бұрын Үкіметтен мал бордақылауға 48 миллион теңге көлемінде субсидия алған. Алайда уақыт өте келе бұл қаражаттың қалай жұмсалғаны белгісіз күйінде қалып отыр.

Жергілікті жұрттың сөзіне сенсек, сол қаржы мал шаруашылығына емес, блогердің өзін танымал етуге, яғни жеке брендіне жұмсалған болуы мүмкін.

"Ақша да жоқ, мал да жоқ. Бұл қаржыны мал бордақылауға емес, өзін жарнамалауға жұмсады", – дейді кентаулық жерлестері.