Перизат Қайратқа қатысты шудан кейін кейбір желі қолданушылары енді Ырысбала Икрамбайдың өзі де тексерілуге тиіс екенін айтып жатыр.
«Сендерсіз де бәрі бақылауда»: желідегілер блогер Ырысбала Икрамбайдың қаражатын тексергісі келеді
1,457
оқылды

Блогер Ырысбала Икрамбай желідегі оқырман сауалына жауап беріп жатқанда, әлеуметтік желі қолданушыларының қатаң сынына ұшырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Перизат Қайратқа қатысты шудан кейін кейбір желі қолданушылары енді Ырысбала Икрамбайдың өзі де тексерілуге тиіс екенін айтып жатыр.

"Ырысбаланы да тексеру керек. Үй салып жатыр, Дубайдан пәтер алды", – деп жазды бір оқырман.

Бұл пікірге жауап ретінде блогер ашуын жасыра алмай, мемлекеттік органдардың жұмысын қорғай сөйледі:

"Айналайындар, жәрдемақының өзін отбасындағы табысқа қарап берейін деп жатқан Үкімет сендерге ақымақ емес қой. Егер 50 миллионнан астам қаржыға мүлік алсаң, банктегі есепшотың бұғатталады. Сосын кіріс көзіңді дәлелдеуге тура келеді. Декларация, салық, бәрі тексеріледі. Сендерсіз де бәрі бақылауда", – деді Ырысбала өз парақшасында.

Алайда оның бұл мәлімдемесі көпшіліктің көңілінен шықпады. Желі қолданушылары пікір білдіріп, Ырысбаланың байлығы мен ашулы реакциясына күмәнмен қарады:

"Таза алаяқ осы", "Айналайындар деп зіркілдемей-ақ қой", "Ашуланғанына қарағанда күдікті нәрсе бар сияқты", "Бір күнде байып кетті", "Бәрін үй, көлікпен қамтамасыз етіп жүр, өзі қайдан тапты?" – деген сарындағы пікірлер көбейді.