Бұл мәлімдемеге кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың өзі жауап берген.
«Нью-Йоркта қыздармен жүр»: боксшы Жанқош Тұрардың тағы басы дауға қалды
775
оқылды

Әлеуметтік желіде кәсіпқой боксшыға қатысты тағы бір шу шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мөлдір есімді желі қолданушысы боксшының Америкада қыздармен демалып жүргенін дүйім жұртқа жария етті.

"Кеше бір "бабник" спортсмен ағамызды көріп қалдық Нью-Йорктен. Қыздармен жүр демалып... Әйел, бала Қазақстанда, не деген шыдам деймін сол кісілердің әйелдерінде", - деп жазған Мөлдір есімді қыз.

Бұл мәлімдемеге кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың өзі жауап берген.  

«Ағайымнан бастап, біздің командамен жаның қалмай амандасқан қарындасым сен емес пе едің кешегі? Іріткі саларда ойланып жаз, Алладан қорықпағаннан қорқу керек деген рас екен! Шетелде жүріп қандастастарды көргенде ішіміз жылып қуанып қалушы едік, мынауың ұят қарындасым!», – деді Ж.Тұраров.