Премьер-Министр Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен кездесу өткізді. Жиында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланды. Гуманитарлық бастамалар мен екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды
Мемлекет аралық ынтымақтастық нығая бермек
493
оқылды

Қазақстан Жапониямен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамытуға үлкен мән береді. Бұл бағытта ел Үкіметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген міндеттерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр.

Кездесу барысында Хирошима префектурасы мен Абай облысы арасындағы байланысты одан әрі нығайту перспективалары қаралды. «Хирошима – Семей» бастамасын жалғастырудың, сондай-ақ Mayors for Peace халықаралық қозғалысы аясында білім алмасудың маңызы атап өтілді.

Тараптар Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) алда өтетін Шолу конференциясы шеңберінде одан әрі өзара іс-қимылға әзір екенін білдірілді.

«Біз Қазақстанның халықаралық аренадағы қолдауын жоғары бағалаймыз. Сапарымыздың бір мақсаты – достықты нығайту. Екі елде де ядролық қару салдарынан жиналған мол тәжірибе бар. Біз Хирошималықтар өзімізді маңызды миссиямыз бар жандармыз деп санаймыз. Ол – әлемді ядролық қарудан азат ету жолында тынымсыз еңбек ету. Қазақстан – Ядролық қаруды таратпау туралы қозғалыстың Орталық Азиядағы мүшесі», – деді Хидехико Юзаки.

Хирошима префектурасының губернаторы ядролық қаруды таратпау мәселелерінде Жапония мен Қазақстанның ынтымақтастығы аса маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстан радиациядан зардап шеккендерді медициналық және әлеуметтік қолдау, сондай-ақ радиациялық медицина саласындағы технологияларды әзірлеу және енгізу сияқты бағыттар бойынша Жапониямен ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылады. Біз Жапония Үкіметіне Семейдегі ядролық сынақ салдарымен күресу үшін өтеусіз грант беру ниетіне алғыс білдіреміз. Бұл бастама медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға орнықты түрде ұзақмерзімді әсер ететініне сенімдіміз», – деп атап өтті Олжас Бектенов.