Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесінің Түркістан көшесінен Сауран көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің үстіңгі қабатын салады.
Астанадағы маңызды көше уақытша жабылады
582
оқылды

Осыған байланысты, 19-21 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақыт аралығында көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет, – делінген хабарламада. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.