Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап, жазым болды

Енді мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріс жүргізеді.

14 шілдеде жедел жәрдем стансасының фельдшері полицияға қала кәсіпорындарының бірінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріс жүргізетін болды.

– Сырлау жұмыстарын жүргізген 54 жастағы ер адам астындағы баспалдақ сынғаннан кейін биіктіктен құлады. Жұмысшы басынан алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы  3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Ақмола облысы ПД.