Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» IV халықаралық орындаушылар фестиваліне қатысады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
20-22 шілде аралығында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында «Мейкин Азия» IV халықаралық орындаушылар фестивалі өтеді.
Димаш Құдайберген 22 шілде күні көрермендерді өнерімен қуантады.
– Димаш осы үлкен музыкалық фестивальдің ең жарық жұлдызы болады! – дейді ұйымдастырушылар.
Фестивальға 25-тен астам елдің өнерпазы қатысады.