«Музыкалық фестивальдің жарық жұлдызы»: Димаш Құдайберген халықаралық байқауға қатысады

Димаш Құдайберген 22 шілде күні көрермендерді өнерімен қуантады.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» IV халықаралық орындаушылар фестиваліне қатысады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

20-22 шілде аралығында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында «Мейкин Азия» IV халықаралық орындаушылар фестивалі өтеді.

Димаш Құдайберген 22 шілде күні көрермендерді өнерімен қуантады.

– Димаш осы үлкен музыкалық фестивальдің ең жарық жұлдызы болады! – дейді ұйымдастырушылар.

Фестивальға 25-тен астам елдің өнерпазы қатысады.