Әлеуметтік желілерде танымал әншілер Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның бір-біріне жылы сезімін білдіріп, құшақтасқан видеосы тарап, көпшіліктің пікірін қақ жарып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бейнежазбада жұбайлар арасындағы махаббат пен жақындықты көрсететін сәт көрініс тапқан. Дегенмен, желі қолданушыларының кейбірі бұл әрекетті ерсі санап, қоғам алдында мұндай ашықтықты орынсыз деп бағалаған. "Ұят-ай", "Қартайғанда мұндай бола ма екен?" деген сын пікірлер де айтылды.
Ал керісінше, бір топ желі қолданушысы бұл – ерлі-зайыптылар арасындағы шынайы сүйіспеншілік пен құрметтің көрінісі екенін айтып, қолдау білдіріп жатыр. "Несі масқара? Бұл – махаббат", "Керемет жұп, жарасады" деген жағымды пікірлер де аз емес.