Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
Журналист Мұхтар Түменбай өмірден өтті
3,475
оқылды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі журналист, жазушы, отандық ақпарат кеңістігінде өз қолтаңбасын қалдырған тұлға Мұхтар Түменбайдың дүниеден озуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына, барша әріптестеріне қайғыра көңіл айтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мұхтар Жақсылықұлы – өзінің шығармашылығы мен азаматтық ұстанымымен ел есінде қалған тұлға еді. Ол қазақ журналистикасының дамуына сүбелі үлес қосып, талай маңызды бағдарламалар мен деректі фильмдердің авторы атанды. Әсіресе, «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы арқылы елдегі маңызды оқиғаларға терең талдау жасап, көрерменнің құрметіне бөленді.

Сондай-ақ  тарихи-патриоттық деректі фильмдері жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух дарытып, ел тарихын ұмытпауға үндеді.

Ардақты азаматтың адамдық болмысы, кәсіби біліктілігі – кейінгі буын қалам ұстаған жастарға әрдайым үлгі болып қала бермек.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

Алланың рақымы мен мейірімі жолдас болып, рухы пейіште шалқысын!