Алау Нұртастың желідегі әр қимылын көпшілік жиі талқылайды.
«Өз халқым өлім тілеп, жек көреді»: Қайрат Нұртастың қызы өзін сынағандарға үн қатты
1,263
оқылды

Әнші Қайрат Нұртастың екінші қызы Алау Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әншінің қызы жазбасында өзіне қарсы айтылып жүрген хейтке тоқталған. 

"Неге солай? Басқа елдің адамдары маған жақсы сөздер жазып, менен шабыттанады. Ал өз елімнің халқы маған өлім тілеп, қаралап, жек көреді. Бұл  менің өмірім. Менің бет-бейнем. Менің стилім. Сондай-ақ қалай жүріп-тұратынымды өзім білемін. Оны сіздер шешпейсіздер. Менің шын мәнінде, қандай адам екенімді білмейсіздер де. Қазағым, өтініш. Жүрегіме тимеңіздерші, мен де адаммын. Сеземін. Ауырсынамын",  деп жазды ол. 

Айта кетейік, Алау Нұртастың желідегі әр қимылын көпшілік жиі талқылайды.