Астанада удай мас жүргізуші екі бірдей көлікті соғып кетті

Оқиға Ақан сері мен Радлов көшелерінің қиылысында болған.

20 шілдеге қараған түні Астанада BMW автокөлігін тізгіндеген мас жүргізуші екі бірдей жол апатына себеп болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға Ақан сері мен Радлов көшелерінің қиылысында болған. BMW жүргізушісі алдымен Chevrolet-ке соғылып, соның салдарынан Chevrolet қарсы жолаққа шығып кетіп, Nissan көлігімен қақтығысқан.

Апат салдарынан екі жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. BMW айып тұрағына қойылды. Белгілі болғандай, жүргізуші мас күйде болған әрі бұрыннан көлік жүргізу құқығынан айырылған.