Тағы жеті адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ТАСС агенттігі республикалық Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап мәлімдеді.
Автобус құлап, 15 адам мерт болды
4,813
оқылды

Якутияда вахталық автобус жардан құлап, салдарынан 15 адам мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тағы жеті адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ТАСС агенттігі республикалық Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Министрлік ақпаратынша, жол-көлік оқиғасы сағат 03:20 шамасында "Денисовский КБК" АҚ-ның технологиялық автожолында тіркелген. «НефАЗ 4208-34» маркалы автобус басқарудан шығып кетіп, шамамен 25 метр биіктіктен құлаған.

Жол апатының салдарынан 15 адам, оның ішінде вахталық автобус жүргізушісі де бар, оқиға орнында көз жұмды. Тағы жеті адам ауруханаға жеткізілді, — делінген ресми хабарламада.