Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға соттауды сұрады

10 жыл бойы қайырымдылыққа қаражат жинауға тыйым салынбақ.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қайырымдылық қорына жиналған қаражатты жымқыру ісі бойынша айыпталған Перизат Қайратқа қатысты сот процесі аяқталуға жақын, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

Бүгінгі сот отырысында прокурорлар Перизат Қайратты 10 жылға, анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы – «Аса ірі көлемдегі алаяқтық», 218-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы – «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру», 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы – «Аса ірі мөлшерде адамдар тобы жасаған қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру.

Айта кетейік, Перизат Қайраттан 2025 жылдың 21 шілдесінде жауап алынды. Сот отырысы жабық форматта өтті. Ал екінші сотталушы Ғайни Алашбаева құқығын пайдаланып, жауап беруден бас тартқан.

Прокурорлар істі жеңілдететін мән-жай жоқ екенін жеткізіп, ұрлық төтенше жағдай кезінде жасалғанын айтты. Сондай-ақ мүлкін тәркілеп, 10 жыл бойы қайырымдылыққа қаражат жинауға тыйым салуды сұрады.