Полиция қылмыстық іс қозғап, сараптамалар тағайындады.
Қарағандыда кәріз құдығын тексермек болған екі жұмысшы қаза тапты
www.istockphoto.com
669
оқылды

Қарағандыда «Қарағанды Су» компаниясының екі қызметкері кәріз құдығында жұмыс істеп жатқан кезде қаза тапты. Олар жөндеу жұмыстары кезінде кәріз газдарынан уланып, улы буға тұншығып қалған,  деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. 

29 және 46 жастағы екі жұмысшы  «Қарағанды Су» қызметкерлері.  Олар жөндеу жұмыстары кезінде кәріз газдарынан уланып, улы буға тұншығып қалған.

Қарағанды облысының Полиция департаменті жағдайды растады. 

Осы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу іс-қимылдарының кешені жүргізілуде, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Компания өз қызметкерлерінің қаза болғанын растап, арнайы комиссияның жұмысын бастағанын мәлімдеді.

Полиция қылмыстық іс қозғап, сараптамалар тағайындады.