Қарағандыда «Қарағанды Су» компаниясының екі қызметкері кәріз құдығында жұмыс істеп жатқан кезде қаза тапты. Олар жөндеу жұмыстары кезінде кәріз газдарынан уланып, улы буға тұншығып қалған, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.
29 және 46 жастағы екі жұмысшы – «Қарағанды Су» қызметкерлері. Олар жөндеу жұмыстары кезінде кәріз газдарынан уланып, улы буға тұншығып қалған.
Қарағанды облысының Полиция департаменті жағдайды растады.
– Осы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу іс-қимылдарының кешені жүргізілуде, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Компания өз қызметкерлерінің қаза болғанын растап, арнайы комиссияның жұмысын бастағанын мәлімдеді.
Полиция қылмыстық іс қозғап, сараптамалар тағайындады.