Оқиғаға қатысы бар делінген барлық азамат полиция бөліміне жеткізілді.
Астанадағы караоке-бардың алдында бірнеше адам жаппай төбелесті
675
оқылды

Астанадағы караоке-барлардың бірінің маңында біраз адамның қатысуымен жаппай төбелес болды. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиғаға қатысы бар делінген барлық азамат полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

"Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қатысы бар тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп нақтылады департамент өкілдері.

Төбелестің себебі мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.