Алматыда жасөспірімнің қалтасындағы пауэрбанк жарылып, қатты күйік алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Оқиға 15 шілдеде Алматы қаласында болған. 16 жастағы жасөспірімнің қалтасындағы пауэрбанк кенеттен тұтанып кеткен. Салдарынан ол ауыр күйік алып, ауруханаға жеткізілді.
Алматы қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы директорының орынбасары Құрметбек Тоқтардың мәліметінше, бозбаланың қалтасындағы сымсыз қуаттағыш жарылып, отқа күйген.
"Жедел жәрдем бригадасы оны қабылдау бөліміне жеткізді. Дәрігерлер тексеру нәтижесінде денесінің 20 пайызын зақымданған ІІІ Б дәрежелі термиялық күйік диагнозын қойды", – деді ол.
Қазір баланың жағдайы тұрақты ауыр. Ол тиісті бөлімшеде ем алып жатыр.