Танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев өзінің парақшасындағы жазбасымен жұртты ойландырып қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ол отбасындағы ажырасу мәселесін қозғады.
“Ажырасам болды. Әйелім кетіп қалды. Анам екеуіміз қалдық. Депрессия мен стрессте жүрмін. Баламды әйелім алып кетті. Бәрінен шаршадым”, - деп бір бауырым хабарласады. 15 минут сөйлестік. Өздеріңіз білесіздер, менің өмірімде нендей жағдайлар болғанын. Білмейтіндеріңіз қаншама?! Мен психолог емеспін. Бірақ барынша кеңес беруге тырыстым. Көп уақыт өтпей әлгі жігіттен хабар алдым. Әйелі екіқабат екен. Ажыраспайтын болыпты. Дүниеге келетін ұлының атын Жахан қоямын дейді. Достар, бұйырса дүниеге тағы бір Жахан келеді. Менің бір сөзім бір адамның өмірінің өзгеруіне себеп болады деп ойламаппын. Бірақ жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді екен”, – деп жазды актер.