Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы наурызда өтеді
Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы наурызда өтеді
396
оқылды
Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев  партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы Тұңғыш Президент– Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады. "Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын 2020 жылғы 18 наурызда өткізу туралы Қаулыға қол қойды. Партияның басты міндеттері талқыланады" - деп жазды ол.