Қоғамдық қабылдауға, сондай-ақ Алматы қаласының прокуратурасы мен Полиция департаментінің өкілдері де қатысты.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері тұрғындармен жүздесті
558
оқылды

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Түрксіб ауданы тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдауға қатысты, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. 

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру іс-шаралары аясында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Түрксіб ауданы тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдау жұмысына қатысты. Іс-шара Алматы қаласы Түрксіб ауданының Комьюнити орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында аудан тұрғындарына білікті заңгерлік кеңестер беріліп, көлеңкелі экономикаға және қаржылық құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл шаралары туралы маңызды ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда, экономикалық саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және қоғам мен құқық қорғау құрылымдарының тиімді өзара іс-қимылына ықпал етеді.