Nur Otan партиясы карантин жарияланған Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына көмек көрсетеді

Nur Otan партиясы карантин жарияланған Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына көмек көрсетеді

Nur Otan партиясы тарапынан карантин кезінде қарттар, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсету үшін 150 миллион теңге қарастырылған. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек инстаграмдағы парақшасында жазды. «Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобалары аясында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғызбасты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағытталды. Бұл қаражатқа медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып алынып, оларды партиялықтар мен Jas Otan волонтерлары халықтың тұрмысы төмен әлеуметтік тобына үлестіріп беретін болады. Сонымен қатар партияның Орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері осы қажеттіліктерге өздерінің бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады. Қазір Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірге коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған жедел штабтарға кез келген көмек көрсету үшін волонтер-еріктілердің ықшам топтары жасақталуда», – деді ол.