Күйеуі кезінде такси жүргізушісі болған.
"Көп адамдар "көкесі бар шығар" дейді": Ақмоншақ Нұртаза өзіне кімнің көмектесіп жүргенін айтып берді
2,401
оқылды

Желі жұлдызына айналған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза өзінің өмірі, отбасы жайында айтып берді. Ол бұл туралы журналист Ләйлә Сұлтанқызының подкастында сұхбат берген, - деп хабарлайды Аikyn.kz  сайты Azattyq Rýhy сілтеме жасап.

Айтуынша, жолдасы еңбекққор, мінезді жігіт.

- Ол - жас күнінен тынбай еңбектенді, қазір үлкен кәсіптің иесі. Ең басында такси жүргізушісі болған. Екінші баламды босанып келгеннен кейін стадион жақта «дачада» тұрдық. Магистратурада оқимын, ал күндіз әкімшілікте жұмыс істеймін. Жаздық «дача» ғой, үйде жағдай жасалмаған. Қыстың күні балалар курткамен ұйықтайтын. Бұл туралы ешкімге айтпағанмын. Көп адам «байдың әйелі», «көкесі бар шығар» деген сөздерді айтады. Олай емес, екеуміз осы күнге бірге жеттік. Мен кешкі сағат 7-ден 9-ға дейін сабақтамын. Сосын жолдасым түнгі ауысымға кетеді. Түнімен пеш жағып шығамын, ұйықтамаймын. Содан кейін денсауылғымыз да сыр бере бастады. Пәтер жалдап, қалаға көштік. Жолдасым бір күні микроавтобус алды. Содан бастап тасы өрге домалады. Өзі бірсөзді, көпшілікпен жақсы тіл табысатын адам. Нағыз қазақи тәрбие көрген. Кейін бастауыш сынып мұғалімі болып істей бастадым.  Үйде отырмадым, үнемі оқи бердім. Тренер болдым, шетелде тағлымдамадан өттім. Қазіргі күнімізге осылай жеттік», - деді ол.

Ақмоншақ Нұртаза қазіргі лауазымына қатысты сұрақтарға да жауып беріп, танымалдығы артқаннан кейінгі өмірі туралы айтты.

Оның сөзінше, әлеуметтік желіде оқырмандары әртүрлі хат жолдайды екен.

«Көп директор «сізден үйренеріміз көп екен. Біз басшы болған күннен қатал жүйеде басқаруды ұстанғымыз келеді. Алайда сізді көріп өзгеріп жатырмын» дейді, кейбір директорлар «жоқ, сіздікі дұрыс емес, қазір еркіндікке жіберсең, бетімен кетеді» деген пікір қалдырады», - дейді. Менің позитивті болуым, талап қоймаймын деген сөз емес. Үйде де балаларға қатты талап қоямын. Баланы ерте жастан өз мәселесін өзі шеше алатын деңгейде тәрбиелеу керек деп шештім», - деді ол.