Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2-курс студенті өз-өзіне қол салардан бұрын хат қалдырып кеткен.
«Отбасылық жағдайы себеп болған»: ҚазҰУ-дың 14-қабатынан секіріп кеткен студент жайлы тың дерек шықты
939
оқылды

Жақында ғана Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 14-қабатынан секіріп, қаза болған студенттің ісі туралы жаңа дәлелдер шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2-курс студенті өз-өзіне қол салардан бұрын хат қалдырып кеткен. 

“Соңғы жазбасында мұндай қадамға баруына отбасылық жағдай себеп болғанын баяндаған”,- дейді тәртіп сақшылары. 

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

“Аталмыш дерек бойынша Бостандық аудандық ПБ ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, болған оқиғаның толық мән-жайлары анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, 2-курс студенті әкімшілік ғимараттың 14-қабатынан секіріп түсіп, өкінішке қарай оқиға болған жерде жантәсілім етті", - дейді.