2025 жылы 1 қыркүйекте барлық расталмаған кезек автоматты түрде жойылып, оны қалпына келтіру мүмкін болмайтынын жеткізді.
"31 тамызға дейін үлгеріңіздер": Artsport ата-аналарға ескерту жасады
www.istockphoto.com
681
оқылды

Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққан қаржыландыру платформасы Artsport қазақстандықтарға 31 тамызға дейін ваучер үшін кезекте тұрғанын растау керегін ескертті, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. Бұл туралы Аrtsport.kz Telegram арнасы жариялады.

Олардың мәлімдеуінше, егер  31 тамызға дейін ваучер үшін кезекте тұрғанын растамаса, кезегі күйіп кетеді.  

“Құрметті балалардың заңды өкілдері! Есіңізде болсын, 2025 жылдың 1 тамызы мен 31 тамызы аралығында сіз балаңыздың ваучері үшін кезекте тұрғаныңызды растауыңыз керек. Растауды тек тексерілген пайдаланушыларға (электронды қолтаңбаны пайдаланып тексеруден өткен) мүмкін болады. Ол үшін “Менің балаларым” бөліміне өтіп, “Кезекпен деректер” түймесін басыңыз және ашылған терезеде “Кезекті растау” түймесін басыңыз”, – делінген хабарламада.