Төреғали Төреәлінің қарындасы ата-енесіне қымбат сыйлық тарту етті

Желі жұлдызы жолдасының ата-анасына саяхат сыйлады.

Танымал блогер Фариза Төреәлі ата-енесіне ерекше сыйлық жасап қуантты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Желі жұлдызы жолдасының ата-анасына саяхат сыйлады. 

“Ата-ана – ең қымбат қазына. Олардың разылығын алып, қуаныш сыйлау – біздің борышымыз. Сол себепті, ата-анамыз Америкаға виза алған кезде, Фари жақсы идея айтты: "Неге оларға жолдама сыйламасқа?!" деді. Ойланып жатпай, бірден іске кірістік – енді олар әдемі саяхатқа аттанғалы отыр. Бұл сыйлықты менің туған күнімде жасадық. Осындай керемет ойың үшін рақмет, жаным. Ал ата-анамызға сәттілік, екеуі АҚШ-та қалай болады екен”, – деп жазды Дархан Нортаев. 

Желі қолданушылары блогердің отбасына тілегін жазып жатыр. 

“Ескі машина берді деп шулағандар, қайдасыңдар?!”, “Бізге де жұғысты болсын”, “Ата-анама саяхат сыйлау – арманым”, “Алла перзенттерімізге адал жолмен ақша табуды жазсын”, “Дарханның ата-анасы керемет адамдар”, “10 жылға виза алған сияқты”, – деп жазды көпшілік.