Жәбірленушілерді баспанамен қамтамасыз етеміз деген желеумен алдау арқылы жұмысқа алған.
Шымкентте 15 пен 16 жастағы екі қыз жыныстық құлдықта болған
800
оқылды

Шымкентте жақында ғана еркінен тыс ұсталып, жыныстық құлдық мақсатында пайдаланған кәмелетке толмаған екі қызды бостандыққа шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Otyrar.kz сайты жазды.

Жәбірленушілерді баспанамен қамтамасыз етеміз деген желеумен алдау арқылы жұмысқа алған. Бостандыққа шыққаннан кейін 2009 және 2010 жылы туған қыздар Жастарды бейімдеу орталығына жіберілгенімен, тергеу барысында олардың адам саудасының құрбаны екені анықталды. Ата-анасының келісімімен кәмелетке толмаған екі бала да мамандандырылған мекемеге ауыстырылып, оларға медициналық, психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді.

"Оларды Б. есімді азамат алдап, баспана береміз деп алдап кеткен. Алғашында қыздар өздерінің қанаудың құрбанына айналғандарын сезбеген де", – дейді орталық басшысының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Ғалия Мүталиева.

Орталықтың мәліметінше, соңғы бес жылда адам саудасынан зардап шеккен 15 адам, оның ішінде басқа елдердің азаматтары да оңалту бағдарламасы арқылы көмек алған.

"Зардап шеккендер тек кедейлер немесе жұмыссыздар ғана емес. Көбіне олар жақсы өмірге деген ұмтылысының салдарынан осал жағдайға тап болатын білімді, әлеуметтік бейімделген адамдар", – деді Муталиева.