«Астана» жаңа еурокубок маусымын сәтті бастады. Команда Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде молдовалық «Зимбруды» екі матчтың қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңді.
Үшінші іріктеу кезеңіне өткенінің арқасында қазақстандық клуб бюджетіне 700 мың еуро (432,5 млн теңге) түсетіні анық болды. Егер «Астана» плей-офф раундына жолдама алса, жалпы табыс 875 мың еуроға (540,6 млн теңге) жетеді. Ал топтық кезеңге шыққан жағдайда, елордалық команда 3,17 млн еуро (1,96 млрд теңге) алады.
Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Астана» Швейцарияның «Лозанна» клубымен кездеседі.