Шымкентте екі апта бұрын жоғалып кеткен 26 жастағы қыз өлі күйінде табылды, –деп хабарлайды LIDER.KZ еріктілерінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, 1999 жылы туған Оңғарбаева Дияна Тастанбекқызы 21 шілдеде Нұрсат шағынауданындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен соң із-түзсіз жоғалған.
Белгілері: бойы 155-160 см, көздері қоңыр, шашы ұзын, қоңыр. Үстінде ақ түсті футболка мен ақ спорттық шалбар болған.
Полиция мәліметінше, қыздың денесі қоқыс контейнерінен табылған. Оны өлтірген соң қоқысқа тастап кеткен. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты өзге мәліметтер жарияланбады.