Полиция іздестіру жұмысын бастады.
Алматыда балалар үйінің екі тәрбиеленушісі жоғалып кеткен
740
оқылды

Алматыда балалар үйінің екі тәрбиеленушісі жоғалған. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті жариялады, – деп хабарлайды. Aikyn.kz.

Қалалық Полиция департаменті қыздардың жоғалуына қатысты оқиғаға пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Бостандық аудандық Полиция басқармасы іздестіру ісін бастады.

«Осыған дейін кәмелетке толмағандар бірнеше рет мекемеден кетіп қалып, әр жолы полиция қызметкерлерінің күшімен табылып, қайтарылған. Қазір олардың орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Алматыдағы №1 балалар үйінен 2009 жылы туған Белгородская Кристина Сергеевна мен 2010 жылы туған Черепанова Маргарита Даниловна 18 шілде күні таңғы уақытта шығып кеткен.