Хоккей додасы тоқтатылды
Хоккей додасы тоқтатылды
237
оқылды
Ел аумағында жария­лан­ған төтенше жағдайға байланысты шайбалы хок­кей­ден Қазақстан чемпио­наты жеңімпаз анықтал­мастан, мерзімінен бұрын тоқтатылды. Осыған орай, Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы кең­сесінде хоккей клубтары басшыларының қатысуы­мен шұғыл отырыс өтті. Бұдан бұрын федерация басшылығы ел біріншілігін белгісіз мерзімге дейін шегеру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұған әлемді денде­ген коронавирус дерті себеп болып отыр. Бүгінгі отырыстың қоры­тындысы бойынша ерлер командасы арасындағы ел чемпионаты ресми аяқталды.
– 2019-2020 жылғы ашық чемпионатты жеңімпаздың анық­талуынсыз аяқтау тура­лы шешім қабылданды. Клуб­тардың бәріне ойын­шылар, бапкерлер мен команда персо­налдары алдында жалақылары бойынша барлық міндеттемені орындауға кеңес берілді, деп хабарлады федерация өкілі.
Әйтсе де, чемпионаттың географиясын кеңейту жұмыс­тары әлі де жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Қазақстан ашық чемпионатына 2020-2021 жылы Біріккен Араб Әмірлігі Абу-Дабидың бір бөлігі саналатын Әл Айн қала­сынан өтінім түскенін мәлім етті. Қазіргі таңда осы мәселе қаралып жатыр.                                

      М.ХАҚНАЗАР