Елбасы Бауыржан Байбекке тапсырма берді
Елбасы Бауыржан Байбекке тапсырма берді
© elbasy.kz
403
оқылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, -  деп хабарлады Elbasy.kz Қазақстанның Тұңғыш Президентіне халықпен кері байланыс орнатуды жетелдету бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар және партия активінің сапалы құрамын  жақсарту жөнінде, сондай-ақ Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын өткізуге дайындық барысы туралы баяндалды.
«2019 жылы партияға 213 мыңнан астам азамат жүгінген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 34% артық. Әлеуметтік сауалнамалардың деректері бойынша, әрбір төртінші қазақстандық  Nur Otan партиясына проблемамен жүгінеді. Сіздің тапсырмаңыз бойынша өңірлерді аралау басталды. Шалғайдағы елдімекендерді аралауға баса назар аударып отырмыз. Атырау облысының Мақат  және Жылыой аудандарына барып қайттық», - деді Б.Байбек.
Елбасы азаматтардың проблемасын шешуге партияның белсенді араласуының маңыздылығын атап өтіп, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру аясында өңірлердің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне назар аударды. "Атырау және Астрахань арасында жол салынуда. Ақтөбе және Атырау қалаларының арасында жол болады. Ірі автомагистральдар құрылысын аяқтаған соң облыстардың ішіндегі жолдардың құрылысына назар аудару керек. Бұл адамдар үшін маңызды», - деді  Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу соңында Nur Otan партиясының төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.