Ел мен Елбасы
Ел мен Елбасы
© Сурет интернеттен алынды
922
оқылды
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты.  [caption id="attachment_29093" align="alignnone" width="913"]отбасы © Сурет интернеттен алынды[/caption] Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.  [caption id="attachment_29094" align="alignleft" width="538"]ата-ана ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. [caption id="attachment_29095" align="alignnone" width="940"]балалық шақ © Сурет интернеттен алынды[/caption] Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды. [caption id="attachment_29097" align="alignnone" width="940"]табель © Сурет интернеттен алынды[/caption]
Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Ол мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты.  Сабағын да қалыс қалдырмады.
[caption id="attachment_29090" align="alignleft" width="492"]Назарбаев © Сурет интернеттен алынды[/caption] Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды. Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді. [caption id="attachment_29101" align="alignnone" width="705"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption] 1959 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіподақтардың бүкілодақтық орталық кеңесі (ВЦСПС) ұйымдастырған жарыста жеңімпаз атанды. Сөйтіп, ол училище бітіргенде металлургтің қиын да күрделі мамандығын игеріп қана қоймай, Украинаның спорт шебері атанды.   width=
Сондай-ақ, жас Назарбаев оқу бітіретін кездегі біліктілік емтихандарынан үздік баға алып, «домна пешінің сегізінші разрядты екінші горновойы» куәлігін иеленді. Еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы "Қазметаллургстрой" тресінде қарапайым жұмысшы болып бастады.
[caption id="attachment_29109" align="alignnone" width="1023"] width= 1981 жыл. ҚазақССР делегациясының пресс-конференциясы[/caption] 1972 жылы ол Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы  болып, 30 мың адам жұмыс істейтін Қазақстан ауқымындағы аса ірі кәсіпорында комбинат директорынан кейінгі екінші тұлғаға айналды. [caption id="attachment_29022" align="alignleft" width="500"]Назарбаев ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Оның бойында көрегендік, барлық мүмкіндікке және жаңа атаулыға деген зор ынта-ықылас сезіліп тұрды. Мұндай тәжірибелі және жігерлі мамандарға деген сұраныс елде зор болатын. Сондықтан да 1977 жылдың өзінде ол Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, одан соң екінші хатшысы болды.  width= Нұрсұлтан Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы 44 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. назарбаев Ол КСРО-дағы одақтық республикалардағы ең жас премьер еді. Бірақ өзге әріптестерімен салыстырғанда жас екеніне қарамастан, ол сол кездің өзінде кемеліне келген мемлекет және қоғам қайраткері болып қалыптасты. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымын белгіледі. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың Жоғарғы Кеңесі сессиясында Қазақстан тарихындағы тұңғыш президент болып сайланды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда республика президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие болды. [caption id="attachment_29112" align="alignnone" width="1000"] width= Фотода: Назарбаев Семей ядролық полигонында.[/caption] Назарбаев әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигонын жабу туралы жарлық қабылдады. Қазақстан – мұндай шешім қабылдаған тұңғыш мемлекет. Еліміздің бастамасымен 2009 жылдың 29 тамызынан бастап Ядролық сынаққа қарсы күрес күні аталады.  [caption id="attachment_29113" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption] 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевпен Түркістан облысындағы егістікте жүрген сәті. [caption id="attachment_29117" align="alignnone" width="705"] width= Фотода: Нұрсұлтан Назарбаевтың (ортада) "Союз ТМ-19" ғарыш кемесі экипажын құттықтау сәті, 1994 жыл.[/caption] Байқоңыр - алғашқы жасанды жерсерігі ұшырылған ғарыш айлағы. Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин ғарышқа аттанды. КСРО ыдыраған соң ғарыш айлағы Қазақстан меншігіне көшті.  [caption id="attachment_29139" align="alignnone" width="1024"] width= Беларусь президенті Александр Лукашенко, 1996 жыл[/caption] 1994 жылы Байқоңырды жалға беру жөніндегі екіжақты келісімге қол қойды. 2004 жылы оның қолдану мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды.    [caption id="attachment_29118" align="alignnone" width="1024"] width= Фотода: Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев "Шымбұлақ" тау-шаңғы демалыс орнында, 2002 жыл.[/caption] Нұрсұлтан Назарбаев тау шаңғысын 55 жасында меңгерді. Ол теннис, салт атпен жүру және гольфпен шұғылданады. [caption id="attachment_29141" align="alignnone" width="1024"] width= 2011 жыл. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің салтанатты түрде ант беруі.[/caption]   [caption id="attachment_29136" align="alignnone" width="1000"]Елбасы Фотода (солдан оңға): Серж Саргсян, Александр Лукашенко, Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин, Алмазбек Атамбаев. Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңеске қатысушы мемлекет басшыларының фотоға түсуі, 2015 жыл.[/caption] Нұрсұлтан Назарбаев алғашқылардың бірі болып еуразиялық интеграция мәселесін көтерді. ЕАЭО құру – ұйымға қатысушы елдердің экономикалық дамуы жолындағы маңызды қадам.  [caption id="attachment_29135" align="alignnone" width="1000"] width= Фотода: Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО нысандары құрылысын бақылауға барған сәті, 2016 жыл.[/caption] "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің Астанада өтуі елорданың дамуына тың серпін берді. Қысқа мерзімде бірқатар жаңа нысан бой көтерді.  [caption id="attachment_29134" align="alignnone" width="1000"] width= Фотода: Елорда күнінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жөндеуден өткен Бәйтерек ғимаратына баруы, 2017 жыл.[/caption] Нұрсұлтан Назарбаевты Астананың бас сәулетшісі деп атайды. Ол елорданың көрікті нысандарының жобаларын өзі таңдады.  [caption id="attachment_29106" align="alignnone" width="705"] width= Протокол басшысы Мади Атамкулов Елбасымен[/caption] Өзінің бір сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев: "Егер сен оны жақсы көрсең, кез келген мамандық бақытқа айналады. Үш сәті бар. Жинақы болу қажет және жұмыс істеп, өз жұмысыңнан қанағат, ләззат алу керек. Егер дәл осындай көңіл күймен жұмысыңа, меніңше, кез келген жұмысқа баратын болсаң қанағаттанасың", - деп айтқан болатын.  width= Дәл осыдан бір жыл бұрын Қазақстан президенті өкілеттігін парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырылды. Тоқаев "Елбасының бұл маңызды шешімі оның жаһандық деңгейде және тарихи ауқымда танылған саяси қайраткер ретіндегі ұлылығын көрсетті. Біз барлық жетістіктерімізге, ең алдымен, Қазақстан Республикасының қастерлі Тәуелсіздігіне Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік" деді Президент Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында. Тоқаев