«Пәтер алып беремін» – Батыс Қазақстанда алаяқ әйел 13 адамның ақшасын жымқырған
«Пәтер алып беремін» – Батыс Қазақстанда алаяқ әйел 13 адамның ақшасын жымқырған
Фото: Интернеттен алынды
403
оқылды
Батыс Қазақстан облысында алаяқ 13 адамды алдап, 5,5 миллион теңгесін алдап алып кеткен. Аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Контрафакт» жедел алдын алу шарасы барысында алаяқ әйелдің Ақсай қаласының 1977 жылғы тұрғыны екені анықталған. Ол интернет желісі арқылы мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беремін деп адамдарды алдаған. Осы қызметі үшін жәбірленушілерден Kaspi.kz қосымшасы арқылы банк карточкасына 350 мың мен 600 мың теңге көлемінде ақша салуын талап еткен. Жалпы, залал көлемі – 5,5 млн теңге. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жолданды. Сол секілді жұмыс іздеп жүрген азаматтар «Жұмысқа орналастырамын» деген алаяқтарға сеніп, табыс таппақ түгілі, қолындағы барынан айырылады. Мысалы, Атырау қаласының 25 жастағы тұрғыны вахталық жұмысқа орналастырмақ болып әр адамнан 30-35 мың теңгеден ақша алып, хабарсыз кеткен. Қазір бұған қатысты ҚР ҚК 190-бабына сәйкес 5 эпизод бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Алданудың тағы бір түрі – ақшаны қарызға беріп, қайтарып ала алмау. Биыл екі айда облыста 197 алаяқтық (өткен жылы осы мерзімде – 196) қылмысы тіркеліп отыр.