Тұрғындарға маңызды ақпарат: әкімдік астаналықтарға үндеу жасады
Тұрғындарға маңызды ақпарат: әкімдік астаналықтарға үндеу жасады
© Сурет ғаламтордан
190
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен 22 наурызда тұрғындарға шаһарға кіріп-шығуға толық шектеу қойылатынын айтты.
"Тұрғындар үшін маңызды ақпарат. Елордаға кіруге және шығуға әзірше уақыт бар. Алдағы 72 сағатта авиа және теміржол қатынастары арқылы қаладан кетуге немесе келу үшін мүмкіндік беріліп отыр. Осы жылдың 22 наурызынан бастап барлық санаттағы тұрғынның қала аумағында кіруге және шығуға толық шектеу қойылады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 37 адамға жетті. 19 науқас Алматыда, қалған 18-і Нұр-Сұлтанда. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды.