Алматыда жаппай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде
Алматыда жаппай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде
248
оқылды
Алматыда коронавирус инфекциясы кең таралмауының алдын алу мақсатында ауқымды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы 8500-ге жуық көп пәтерлі түрғын үй мен 5 мыңнан аса лифт, 4 мыңнан аса ауланың бәрі залалсыздандырылады. Бұдан былай кіреберіс, дәліз, баспалдақтар мен жеделсаты, үй жанындағы алаңдар арнайы қоспамен жуылады. https://www.youtube.com/watch?v=qT3hdL7HLfU Сондай-ақ қалада көшелер мен тротуарлар, аялдамалар мен жер асты өткелдеріне, қоғамдық көліктерге де дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. https://www.youtube.com/watch?v=2YAmfHfBFpM
«Бүгінгі таңда әрбір тұрғынға ай сайынғы жарналарды уақытылы енгізу арқылы өз үйлерін күтіп ұстауға белсенді қатысу өте маңызды. Дәл осы жарналар арқылы еңбекақы төлеу қорын және ортақ мүлікті дезинфекциялау үшін қажетті қаражатты сатып алу қарастырылады. Қала әкімдігі көппәтерлі үйлердің ортақ пайдалану орындарын дезинфекциялау бойынша пәтер иелері кооперативтерін қолдаудың қосымша шараларын пысықтап жатыр», – деді қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев.
https://www.youtube.com/watch?v=g3650Tfp2f4 Тазалық жұмыстарына пәтер иелері кооперативтері жауапты. Пәтер иелері кооперативтері коронавирустың таралуына қарсы әрекет етпей жатса, тиісті шаралар қабылданатыны айтылды. Ондай жағдайда тұрғын үй саясаты басқармасына хабарласуға болады. open-almaty.kz сайты да онлайн жүргізіледі. Еске сала кетейік, басқарманың жұмысы электронды форматқа көшті. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ