COVID-19 ошағында қалған азаматтардың жұмыс орны сақталады
COVID-19 ошағында қалған азаматтардың жұмыс орны сақталады
© Сурет ғаламтордан
211
оқылды
Алматыдағы COVID-19 ошағында қалған азаматтардың жұмыс орны сақталып, уақытша емделу демалысына жіберіледі. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жариялау» жарлығын орындау мақсатында, коронавирус инфекциясының таралуымен күресу штабының шешімімен және Алматы қаласындағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 18.03.2020 ж. №8  үкімімен қала аймағында карантин жарияланды. Жаңа карантиндік жағдайға сәйкес қала ішіндегі тұрғындардың өмірі мен шаруашылық және басқа да қызметтері карантин режиміне өтеді. Инфекцияны жұқтырғандар тұратын пәтерлер оқшауланып, барлық аудан залалсыздандырылады. Атап өтетін жайт, барлық  меншік үлгісіндегі кәсіпорындар мен мекемелер COVID-19 вирусын жұқтырғандармен байланысып, оқшауда қалған азаматтардың жұмыс орны мен еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жәрдемақысын төлеуге міндетті. Шектеу немесе тексеру шараларын өткізу барысында сақтық шараларына ерекше мән беріледі. Қалалық арнайы қызмет мекемелерінің өкілдері жеке басты қорғау құраларымен жабдықталып, блок-посттарда  тазалық сақтау құрылғылары орнатылады. Сонымен қатар, үй карантинін сақтамағандар ҚР заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады. Қала билігі тұрғындарды төтенше жағдай режиміне түсіністікпен қарап, тәртіпке бағынып, аса қатты қажеттіліксіз сыртқа шықпай, барлық сақтық шараларын орындауға шақырады. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ