Желіде тараған видеода бойжеткен қыз баланы арт жағында тұрған жас жігіттің аяусыз тепкенін, ал қасында отырған қыз бала оның ішкиімін күштеп шешпек болғанын байқауға болады.
Әлеуметтік желіні шулатқан көрініс: жігіт қызды аяусыз тепті
1,115
оқылды

Әлеуметтік желіде тараған адам шошырлық видео елдің ашуын туғызды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты  Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Желіде тараған видеода бойжеткен қыз баланы арт жағында тұрған жас жігіттің аяусыз тепкенін, ал қасында отырған қыз бала оның ішкиімін күштеп шешпек болғанын байқауға болады.

Оқиғаның нақты қай өңірде немесе қай елде болғаны әзірге белгісіз. Алайда жастардың кескін-келбетіне қарап, Азия елдерінің бірінде болғаны анық.

Видео қазақстандықтар арасында үлкен резонанс тудырып, желі қолданушылары видео астына түрлі пікір қалдырды.

«Анау жануардың нөмірі, мәліметтері керек. Тепкен қалай болатынын көрсетейін», «Қызыңды бөтен үйге қондырма, ұлыңды бөтен үйден тойдырма деген мақал осы үшін», «Қытай ғой бұл. Бірақ қай ел болса да аямау керек. Тәрбиені әркім өзінен бастасын, бір-бірінің бөлмесіне жалаңаш кіре бермей, ұятсыздар», «Қазақстан емес Қытай, күйді алып тастаңдар қор қылмай», – деп жазды желі қолданушылары.