Нұр-Сұлтандағы жаңа 7 науқас та бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған
Нұр-Сұлтандағы жаңа 7 науқас та бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған
© Сурет ғаламтордан
200
оқылды
Коронавирусты жұқтырған барлық жеті жаңа науқастар бұрын анықталған науқастармен байланыста болған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип мәлімдеді. "Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы жеті жаңа жағдайы тіркелді. Олар 25-52 жас арасындағы Қазақстан азаматтары. Олардың барлығы бұрын расталған жағдайлармен жақын қарым-қатынаста болған. Стационарда карантинде жатыр. Барлығының денсаулық жағдайы қанағаттанарлықтай", - деп түсіндірді Ахметшарип, Facebook-тегі Денсаулық сақтау министрлігі бетінде онлайн сөйлеген сөзінде. Қазіргі уақытта Алматы бойынша-19 науқас, Нұр-Сұлтанда - 25 науқас бар. Елімізде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 44 жағдайы тіркелген. Бүгін таңертең Алматыда коронавирус жұқтырған бір адамды анықтады. Тағы екі қазақстандық коронавирустан шет елдерде: біреуі Германияда, екіншісі Венгрияда емделіп жатыр.