"Елбасының көшбасшылығы - жарқын болашақтың кепілі"
"Елбасының көшбасшылығы - жарқын болашақтың кепілі"
© Сурет интернеттен алынды
235
оқылды
Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық пайымдауы арқасында еліміздің ұзақ мерзімді перспективада жедел және сенімді дамуы үшін қуатты негіз қаланды. Елбасы өзінің саяси ерік-жігері мен ерекше харизмасының арқасында артынан елді ерте білді. 90-жылдары ол нағыз егемен Қазақстанды құру үшін елді біріктіре отырып, ауқымды міндеттерді орындады. Елбасының алға қойған «Қазақстан-2050» Стратегиясының аясында қазір біздің алдымызда әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіру міндеті тұр. Бұл да біз еңсере алатын биіктік. Өйткені осыған дейін де Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында көп нәрсеге қол жеткізген едік. Мәселен, 1997 жылы «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясы қабылданып, талабына сай орындалып, 2012 жылға дейін мерзімінен бұрын аяқталған болатын. Оған қоса, Қазақстан көп векторлы көзқарасты жалғастыруда серіктес елдердің әрқайсысымен тең және тәуелсіз диалогты қамтамасыз ете алды. Мысалы, географиялық тұрғыдан алғанда біз екі ірі державаның: Ресей мен Қытайдың арасындамыз. Оның үстіне, Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен тығыз қарым-қатынаста, оған дәлел сол елдің компаниялары біздің елге белсенді түрде инвестиция салып жатыр. Сонымен бірге, Қазақстан Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықты және түркі әлемі елдерімен қарым-қатынасты белсенді дамытуда. Осындай айрықша қатынастар жүйесін құрған Елбасы еді.  Соның арқасында Қазақстан өзінің ұлттық мүдделерін берік сақтай отырып, бүкіл әлеммен сәтті ынтымақтастық орнатуда.