Уханьда карантин қашан жойылатыны белгілі болды
Уханьда карантин қашан жойылатыны белгілі болды
© 24.kz
321
оқылды
Коронавирусының таралу ошағына айналған Қытайдың Ухань қаласы наурыз айының соңында инфекциядан толықтай арылуы мүмкін. Қаладағы карантин мерзімі сәуірде алынуы мүмкін. Бұл туралы Қытайдың жетекші вирусологтардың бірі Ли Ланьцзюань айтты, деп хабарлады 24.kz China Daily-ге сілтеме жасап. «Егер Уханьда 14 күн қатарынан коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары тіркелмесе, блокаданы біртіндеп жоюға болады деп есептейміз. Жаңа жағдайлар наурыздың аяғында тіркелмейді деп ойлаймыз», - деді ғалым. Ухань сонда да қатаң бақылау жүргізілетінін атап өтті. Өткен тәулікте Уханьда COVID-19 инфекциясы мүлде тіркелмеген. Алайда Қытай бойынша соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 34 адам анықталды.