Коронавирустың микроскоппен түсірілген суреті пайда болды
Коронавирустың микроскоппен түсірілген суреті пайда болды
© tengrinews.kz
327
оқылды
Ресейлік ғалымдар коронавирустың толық геномын анықтады. Бұл туралы Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлады 24.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап. А.А.Смородинцев атындағы ғылыми-зерттеу институтының мамандары COVID-19 жұқтырған науқастың материалынан алынған SARS-CoV-2 коронавирусының алғашқы толық геномын анықтады. «Бұл ақпарат коронавирусты емдеуге арналған вакциналар мен вирусқа қарсы препараттарды жасауға көмектеседі», - делінген хабарламада. Мекеме директорының міндетін атқарушы Дмитрий Лиознов SARS-CoV-2 вирусына жасалған генетикалық талдаудың оның таралуы мен эволюциясын түсіну үшін маңызды екенін айтты. Генетикалық деректер коронавирустың ғаламдық эволюциясын бақылау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен әлемдік жетекші зерттеу топтары қолданатын халықаралық EpiCoV GISAID дерекқорына жүктелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаны сынамадан өткізе бастағанын жазған болатынбыз.