Түркияда коронавирустың жаңа түрінен төртінші адам қайтыс болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
«Біз Covid-19 диагнозы қойылған 85 жастағы пациентімізден айырылып қалдық. Өкінішке қарай, коронавирустан қаза тапқан саны төртке жетті», - деп жазды елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа Twitter парақшасында.
Оның айтуынша, Түркияда соңғы тәуліктерде 168 адам жаңадан вирус жұқтырған. Жалпы, ел аумағында қауіпті індетке шалдыққандар саны – 359.