Тунисте коменданттық сағат енгізілді
Тунисте коменданттық сағат енгізілді
© сурет интернеттен алынды
354
оқылды
Коронавирустың таралуына байланысты Тунисте коменданттық сағат енгізілді, - деп хабарлайды «Хабар 24». Шектеу күн сайын кешкі сағат алтыдан таңғы алтыға дейін созылады. Енді қала көшелерін әскерилер күзетеді. Әзірге жаңа тәртіптің қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Айта кетейік, бұған дейін ел билігі тұрғындардың қоғамдық орындарға жиналуына тыйым салған еді. Сөйтіп ел бойынша барлық базар мен мешіт жабылды. – Әрбір азамат тәртіпке бағынуы тиіс деп ойлаймын. Жалпы коменданттық сағат дер кезінде енгізілді. Себебі бұған дейін тұрғындар оқшаулану ережелерін бұзып келді, - дейді жергілікті тұрғын Заед Изайд.