Халық әртісі атын ашық айтпағанымен, Құран оқығанда алдымен тамағын кенеп алып, сырт көзге идеал көрінуге тырысатын кей имамның қылығын жайып салды.
Досхан Жолжақсынов діннің қадірін кетіргендерді сынға алды
934
оқылды

Белгілі әртіс Досхан Жолжақсынов жастарды дін жолына түсуге бағыттап жүрген белгілі діндардың орынсыз әрекетін әшкереледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Халық әртісі атын ашық айтпағанымен, Құран оқығанда алдымен тамағын кенеп алып, сырт көзге идеал көрінуге тырысатын кей имамның қылығын жайып салды. 

Осы ретте ол «Сен Құранды қай дауыста оқитының мәнді емес, тіпті сауаттылығың да мәнді емес. Сенің ықыласың, әруаққа деген үлкен сезімің, ниет пиғылыңда. Осындай дүниелер көңіліңдегі дінге деген құрметті бұза алмайды, бірақ қоғамның аяқ алысы осындайдан беделін жоғалтады»,-деді.