Нұр-Сұлтанда қатерлі ісікке шалдыққан балалар 2 айдан бері химиялық ем қабылдай алмай отыр
Нұр-Сұлтанда қатерлі ісікке шалдыққан балалар 2 айдан бері химиялық ем қабылдай алмай отыр
Фото: Интернеттен алынды
5,333
оқылды
Нұр-Сұлтанда онкологиялық ауруға шалдыққан балалар химиялық ем қабылдай алмай отыр, – деп хабарлайды AstanaTV. Телеарнаның хабарлауынша, науқас бүлдіршіндердің ата-аналары 2 айдан бері мемлекет тарапынан тегін берілетін химиялық дәрі-дәрмектің жоқтығын айтқан. Оның айтуынша, «Ана мен бала» орталығының қызметкерлері бұл жағдайдан хабардар. Алайда ешқандай шара қабылданып жатқан жоқ дейді.
Қала тұрғыны Гүлнар Асқаринова: «Ана мен бала орталығында химиялық дәрі жоқ. 2 ай бойы алмағаннан кейін бізде «злокачественный» болғаннан кейін баланың мұрнынан қан кетіп, қайтадан басы айналып қан қысымы түсіп кете берген соң біз өзіміз Қазақстан бойынша таппай, Ресейден тасыдық. Бір қораптағы 5 данасын 133 000 теңгеге алдым», – дейді.
Ал осы жағдайға байланысты «СК Фармация» компаниясы ақпан айыннан бастап дәрі-дәрмек жеткілікті болады деп отыр.
«СК Фармация» АҚ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының бас менеджері Батыйхан Алданов: «Ана мен бала» орталығы бойынша келісімшарт түзілген, жасалған келісімшарт. Сол келісімшарт бойынша «темодал» препараты  жеткізу кестесі бойынша ақпан айында тұр. Сол үшін «Ана мен бала» орталығы осы препаратты бүгін 5 ақпан күні алды», – деді.
Бүгіннен бастап балаларға дәрі-дәрмек уақтылы жеткізіледі.