Президент 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заңға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Мемлекет басшысы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, – деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.